Копжасарова Бакытжамал Шегирбековна
Мен 2018 жылы «Зат» бөбекжай балабақшасының менгерушісі болып жұмыс жолымды бастадым. Балабақша өмірімнің айнымас бір бөлігіне айналды. Мамандығым жайлы айтар болсам, бәріне мәлім ақиқатты қайталаудың қажеті жоқ шығар. Бірақ өзімнің негізгі кәсіби тезистерімді тұжырымдасам, олар: адамдардың алдында да, өзіңнің алдыңда да адал болу, өз міндетіңді кіршіксіз орындау, шығармашылық қабілеттеріңді дамыту, жаңаша ойлау, тәрбиеленушілерге және олардың ата-анасына сүйіспеншілік пен жылулық таныту, өз әріптестеріңнің жұмысын бағалау және оларға құрметпен қарау.
Педагогикалық ұжымды басқару ісі ерекше еңбекті қажет етеді. Қызметтестеріңмен тығыз қатынаста болу, олардың күшті немесе әлсіз жақтарын білу, болып жатқан жағдайды түсіну қатаң басқару стилінен арылтады. Байсалдылық пен өзіңе деген сенімділік басшыны тартымды етеді, айналасындағы адамдардың қалыпты еңбек етуіне жағдай жасайды. Қандай жағдай болмасын, істің жалғыз дұрыс шешімін табуға жұмсаған еңбегіңді ешкім білмегені абзал. Себебі проблеманы шешу барысында өз ой-өрісіңді дамытасың, шыдамдылыққа үйренесің.
Заманауи басшы – бұл, ең алдымен, басқару психологиясын меңгерген өз ісінің маманы. Әрбір ұжымда даулы жағдайлар тууы мүмкін. Мұндай кезде жетекші ата-анаға да, тәлімгерлерге де тиімді, қызықты әрі бірегей шешім табуы тиіс. Уақыт өте кәсіби және жекебас мәселелері ажырағысыз болып кетеді. Балабақша өміріңнің жартысына, сүйікті үйіңе айналады, жұмыс уақыты мөлшермен реттелмейді. Ал басшының ең басты жетістігі деп педагогикалық ұжымның жоғарғы кәсіби біліктілігін атауға болады.
Білім беру мекемесінің қызметінде маңыздысы – үнемі ілгері басу, инновацияға қабілеттілік таныту.
Педагогикалық ұжым құрылған психология тұрғысынан қолайлы кеңістікті-дамытушы ортаны шыңдауды әрі қарай жалғастыруда. Бұл бағытта «Step by Step» технологиясы негізінде балалардың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, біз келешекке арналған жоспарлау жасадық. Бүгінгі күні ұстаз бен баланың арасында жеке бағдарланған қарым-қатынас, тәрбиешінің баланың даралығына, қызығушылықтарына және қажеттіліктеріне қолдау көрсетуі, табиғи қабілетін дамытуы негізгі басымдықтар екенін ескерсек, мұндай технология өз заманында ең маңызды болып табылатынын көреміз. Педагог-фасилитаторлармен бірге кәсіби біліктілігімізді дамытуда жаңа тәсілдер қолданамыз, өз ісімізді саралап, өз бетімізден білім алып, берілген технологияның стандарттары бойынша мониторинг жүргіземіз.
Заманауи басшы - өз әріптестерін жетістіктерге, инновацияларға жетелейтін, балалардың дүниетанымын арттыратын, ата-аналарды ортақ шығармашылыққа шақыратын адам. «Табиғат ана әр адамға әуестігіне қарап қабілет береді. Әуестігі болмаса, күші де болмайды. Өз мүмкіншіліктеріңді көру үшін көрегендік қажет». Оған қосарым – көрегендік басқалардың да мүмкіншілігін бағалауға, олармен ортақ жетістіктерге жетуге септігін тигізеді. Менің ойымша, білім беру мекемесінің басшысы қазіргі өмірдің қойған талаптарын ескере отырып, өзіндік педагог моделін құруы тиіс. Сондағы алдыңғы шарттардың бірі болып педагогика мәселелері шығады.
Табысты көшбасшы алдыға мақсат қоя білу керек. Ол болған жағдайды тек ақылға сүйеніп емес, ішкі түйсігімен сезінуі керек. Ішкі түйсігі басшыны алдамайды, себебі ол жылдар бойғы тәжірибесінен жинақталады.
